Эль-Класико жеңімпазы үш голмен анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Испания Ла Лигасының 10-туры аясында мәңгілік дерби — «Реал» мен «Барселона» арасындағы кездесу эмоция мен шиеленіске толы өтті. 

Эль-Класико жеңімпазы үш голмен анықталды
theanalyst.com

Мбаппе мен Беллингем — басты қаһармандар

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ мадридтік команда басымдық танытты. 12-минутта Килиан Мбаппе алғашқы голын соққанымен офсайд себебінен есепке алынбады. 22-минутта француз жұлдызы өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, есепті ашты. 38-минутта каталондықтар қатарынан Фермин Лопес жауап голын соғып, тепе-теңдік орнатты. Бірақ 43-минутта Джуд Беллингем тамаша соққымен «Реалды» қайта алға шығарды.

Командалар үзіліске дәл осы есеппен кетті.

Екінші тайм және шешуші сәттер

52-минутта Мбаппе пенальти орындап, дубль жасауға жақын болған, бірақ Войцех Щенсный соққыны керемет қайтарды.

Каталондықтар соңғы минуттарда есепті теңестіруге тырысқанымен нәтиже өзгеріссіз қалды.

90+10-минутта Педри екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. «Барселона» матчты он ойыншымен аяқтады.

Жеңіс нәтижесінде «Реал Мадрид» 27 ұпай жинап, Ла Лига көшін жалғастыруда. Ал «Барселона» 22 ұпаймен екінші орында қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір