Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бізге қарсы жасалғандай – "Астана" бапкері биылғы күнтізбеге үлкен наразылық білдірді

Сарапшы, спорт журналисі

"Астана" клубының бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер лигасының күнтізбесіне қатысты өткір пікір білдірді.

Бізге қарсы жасалғандай – "Астана" бапкері биылғы күнтізбеге үлкен наразылық білдірді
Сурет: ашық дереккөздерден

Бабаянның басты сыны — чемпионаттың тым ерте аяқталуы. Оның айтуынша, қазіргі жүйе ел футболының дамуына айтарлықтай зиянын тигізіп отыр.

"Біз маусымды 26 қазанда аяқтаймыз. Ал одан кейін қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан — төрт ай бойы футболшылар ресми ойынсыз қалады. Мұндай үзіліс ешбір елде жоқ. Бұл ойыншылардың физикалық және психологиялық жағдайына қатты әсер етеді." — дейді ол.

Бапкердің пікірінше, мұндай ұзақ демалыс тек клубтардың емес, ұлттық құраманың да деңгейін төмендетеді. Себебі футболшылар ойын ырғағынан айырылады.

"Кем дегенде қараша айының соңына дейін ойнауға мүмкіндік беру керек. Бұл ұлттық құраманың да, футболшылардың да пайдасына болар еді. Желтоқсанда демалып, қаңтарда дайындықты бастау — ең дұрыс нұсқа." — деп атап өтті "Астана" жаттықтырушысы.

Сонымен қатар, ол маусым соңындағы ойындардың кестесіне де көңілі толмайтынын айтты.

"Күнтізбе бізге қарсы жасалғандай әсер қалдырады. Соңғы бес турда тек көшбасшылармен ойнадық. Ал бәсекелестеріміз сол уақытта көбіне өз алаңында әлдеқайда жеңілірек қарсыластармен кездесті. Бұл жерде сұрақтар көп. Мен сылтау айтып тұрған жоқпын, бірақ әділдік жоқ екенін бәрі көріп отыр.” — деді Бабаян.

Естеріңізге салсақ, соңғы турда "Астана" сырт алаңда "Қайрат" пен матч өткізіп, тең түскен болатын. Нәтижесінде алматылықтар екінші жыл қатарынан ел чемпионы болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір