Қазақстан құрамасының ойыншысы «Сочи» клубына ауысқалы жатыр.
Қазақстан құрамасы және «Тобыл» футбол клубының шабуылшысы Ислам Чесноков қыста команда ауыстыруы мүмкін. Ресейдің «Сочи» клубы 26 жастағы форвардқа қызығушылық танытып отыр.
Қазір 26 жастағы ойыншы тиісті келіссөздердің соңғы сатысында. Бұған дейін Чесноковты Грозныйдың «Ахмат» клубы да өз қатарына қосуға ықылас білдірген. Алайда «Сочидің» ұсынысы спортшы үшін де, клуб үшін де анағұрлым тиімді болған.
Форвард соңғы жылдары тұрақты формада, әрі Қазақстан құрамасының негізгі ойыншыларының бірі саналады.
Айта кетейік, Шотландияның «Хартс» клубы Чесноковты қатарына қоспақ ниетте екені біраз айтылған еді. Тіпті клубтың бас директоры Эндрю Маккинли ойыншыны сатып алғандарын растаған болатын.Алайда сол күйі ресми келісім жайлы ақпарат жарияланбады.