Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Осы бетінен қайтпаса, топ-клубтар өздері-ақ келеді» — Сарапшы Анарбеков жайлы

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда "Олимпиакосқа" қарсы өткен матчта алматылық клубтың қақпашысы үздік ойыншы атанған болатын. 

«Осы бетінен қайтпаса, топ-клубтар өздері-ақ келеді» — Сарапшы Анарбеков жайлы
Vesti.kz

«Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Раде Дугалич алматылық команданың қазіргі қақпашысы Темірлан Анарбековтің ойынына жоғары баға беріп, оған Еуропаның мықты клубтары қызығушылық танытуы мүмкін екенін айтты. 

Дугаличтің айтуынша, Анарбеков қазір мансабындағы ең сенімді әрі жарқын кезеңдерінің бірін өткізіп жатыр.

«Ол расымен өте керемет ойнап жүр. Осы деңгейін сақтаса, үлкен клубтар міндетті түрде назар аударады. Темірланға тек өзінің стилін ұстану жеткілікті — ол нағыз қорғаныстың тірегі», — деді сербиялық экс-қорғаушы.

Анарбеков алғаш рет капитан болған матч

Алматылық клубтың қақпашысы «Олимпиакосқа» қарсы ойында алғаш рет капитан болды. 

Матч «Кайраттың» 0:1 есебімен аяқталса да, Анарбеков кездесудің басты батыры атанды.

  • УЕФА оны матчтың үздік ойыншысы деп таныды;
  • Ол қарсыластың жеті қауіпті соққысын қайтарды;
  • Бірнеше эпизодта команданы сөзсіз голдан құтқарып қалды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір