Швейцарияның Ньон қаласында жасөспірімдер арасындағы ЕУРО-2026 іріктеуінің элиталық кезеңіне жеребе тартылды. Қазақстанның U-17 және U-19 құрамалары өз топтарындағы қарсыластарын білді.
УЕФА штаб-пәтері орналасқан Ньонда 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатына (EURO-2026) баратын командаларды анықтайтын элиталық раундтың жеребесі өткізілді.
Қазақстаннан U-17 және U-19 қатысады. Енді олар Еуропаның мықты жастар құрамаларына қарсы шешуші матчтарға дайындықты бастайды.
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы Лига A, 4-топқа түсті. Бұл квартеттегі қарсыластар:
Элиталық кезеңнің матчтары бір елде шағын турнир форматында өтеді. Қай құрама алаң иесі болатыны кейінірек анықталады. Барлық ойын 2026 жылғы 31 наурызға дейін толық өтіп бітуі керек.
А Лигасындағы 7 топтың жеңімпазы Эстонияда өтетін EURO-2026 U-17 финалдық кезеңіне жолдама алады.
Құрлық біріншілігінің финалдық кезеңі 2026 жылдың 25 мамыры мен 7 маусымы аралығында Эстонияда өтеді.
Сонымен қатар бұл кезең 2026 жылғы U-17 Әлем чемпионатына (Катар) еуропалық іріктеу рөлін атқарады.
Турнир қорытындысы бойынша құрамалар келесі циклге де әсер ететін дивизиондық ротацияға ұшырайды. Нәтиже олардың EURO-2027/28 U-19 іріктеуіндегі лигасын айқындауға ықпал етеді.
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы 5-топқа түсті. Бұл топта біздің жас ойыншылар мына құрамаларға қарсы ойнайды:
Шағын турнир Румынияда 2026 жылдың 25–31 наурызы аралығында өтеді. Барлық матч қысқа мерзімде, тығыз кестемен ұйымдастырылады.
U-19 жас санатындағы элиталық раундта жалпы 28 құрама бар, олар 7 топқа бөлінген.
Әр топтың жалғыз жеңімпазы ғана Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығады.
EURO-2026 U-19 финалдық турнирі Уэльсте, 2026 жылдың 28 маусымынан 11 шілдесіне дейін өтеді.
Уэльс U-19 құрамасы турнирге қожайын ел ретінде автоматты түрде қатысады.