Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Ұлытау» ойыншылар алдындағы қарыздан қашан құтылады?

Сарапшы, спорт журналисі

Клуб өкілдері ресми мәлімдеме жасады. 

«Ұлытау» ойыншылар алдындағы қарыздан қашан құтылады?
Offside.kz

Жезқазғандық «Ұлытау» футбол клубы бапкерлер мен қызметкерлерге жалақының кешіктірілуіне байланысты тараған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді.

Клуб мәлімдемесінде қаржылық қамтамасыз ету екі негізгі көзден қалыптасатыны аталып өтті. Атап айтқанда, бюджеттік қаражат пен демеушілік қолдау.

Клуб басшылығы бюджет есебінен бөлінген қаражаттың толық көлемде игерілгенін хабарлады.

«Бюджет тарапынан қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер толық орындалды, қарастырылған қаражат толықтай игерілді. Қазіргі таңда қалыптасқан берешекті демеушілік түсімдер есебінен өтеу жоспарланып отыр. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде», — делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

«Ұлытау» өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта жалақыға қатысты қарызды өтеу үшін демеушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Клуб бұл мәселенің жақын арада шешілетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, өткен маусымда «Ұлытау» Қазақстан Премьер-лигасында 10-орын иеленіп, 23 ұпай жинады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір