Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Анарбеков пен Қалмырзаның «құпиясы» белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасы мен «Астана» клубының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен биылғы маусымда еурокубоктарда қазақстандық голкиперлердің ерекше көзге түсуінің себебін түсіндірді. 

Анарбеков пен Қалмырзаның «құпиясы» белгілі болды
коллаж penalty.kz

Сейсен: «Чемпиондар лигасында жұмыс көп болады»

YouTube-тегі Fonteam арнасы жүргізушісінің «Неге қақпашылардың ойыны күрт жақсарды?» деген сұрағына Сейсен деңгейі жоғары қарсыластармен ойнаудың әсері барын алға тартты.

— «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойындарынан кейін қақпашыларға қатысты сенсация басталды. Неге голкиперлер осынша мықты ойнай бастады?

— Меніңше, Чемпиондар лигасында өте күшті командаларға қарсы ойнайсың, сол кезде бізде жұмыс өте көп болады. Себебі де — осы. Құрамада да жұмыс аз емес, — деді Мұхамеджан Сейсен.

Еурокубоктағы жарқыл: Анарбеков пен Қалмярза назарда

Айта кетейік, биылғы маусымда «Қайрат» қақпашылары Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырза еурокубок матчтарында кеңінен талқыланды. Екеуі де алматылық клуб сапында Чемпиондар лигасы кездесулеріне қатысып, көзге түсті.

Темірлан Анарбеков (22 жаста)

  • УЕФА нұсқасы бойынша матчтың үздік ойыншысына берілетін жүлдені алған алғашқы қазақстандық футболшы атанды;
  • Оның бірқатар сейві Чемпиондар лигасының ең үздік құтқарулар тізіміне енді.

Шерхан Қалмырза (18 жаста)

  • «Спортингтен» (1:4) және «Реалдан» (0:5) жеңілген ойындарға қарамастан, әлеуметтік желідегі көрсеткішімен ерекшеленді;
  • Нәтижесінде Instagram платформасында Қазақстандағы ең танымал футболшы атанды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір