Черчесов Кенжебекті шынымен сұрап жатыр ма? Грозныйдан дабыл қаққан мәлімдеме шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Грозныйлық «Ахмат» клубының құрылымында Қазақстан құрамасының вингері Ғалымжан Кенжебекке қатысты тараған ақпаратқа жауап берді. 

Черчесов Кенжебекті шынымен сұрап жатыр ма? Грозныйдан дабыл қаққан мәлімдеме шықты
instagram/@kenzhebek.11

«Асығыс жасамаңыздар!»

Шешенстанда клубқа жақын дереккөз жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ақпаратты бірден шындық ретінде қабылдамауға шақырды. Бұл туралы ASnews.kz жазады. 

«Кенжебектің келетіні жайлы негізінен дәл сол адамдар жазып жүр. Бұған дейін олар Кузяевты да “клубқа жіберген”. Сондықтан жарияланып жатқан мәліметке оңай сене бермес едім», — деді клубқа жақын дереккөз.

Черчесовтың командасына барады деген сыбыс

Еске салайық, бұған дейін бірқатар БАҚ-та 22 жастағы қаптал ойыншысы Станислав Черчесов баптайтын командаға ауысуы мүмкін деген мәлімет тараған. Қазір «Ахмат» РПЛ турнир кестесінде сегізінші орында тұр.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында қазірдің өзінде шеткі шабуылшы позициясында ойнайтын футболшылар жеткілікті. Клуб тізімінде:

  • Брайан Мансилья
  • Лечи Садулаев
  • Абакар Гаджиев
  • Рифат Жемалетдинов
  • Эгаш Касинтура
  • Қазақстандық Максим Самородов бар. 

Сонымен қатар резервтен 21 жастағы өз тәрбиеленушісі Магомед Якуев негізгі құрамға ауыстырылғаны айтылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір