Фатхулло Олимзада Қазақстан чемпионатында бұрын өнер көрсеткен еді.
20 жастағы тәжікстандық шабуылшы Фатхулло Олимзода Қазақстанға қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бұған дейін «Атырау» сапында өнер көрсеткен футболшы соңғы бір жылды Беларусьтің Дзержинск қаласындағы «Арсенал» клубында өткізді. Қазір Олимзода Қазақстан Премьер-лигасына қайта қосылу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Лиганың бірнеше командасы жас шабуылшыға қызығушылық танытуда.
Өткен маусымда Олимзода «Арсенал» құрамында 10 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас авторы атанды. Ол қазақстандық маман Сергей Якушин жаттықтыратын командада ойнады.
Айта кетейік, Фатхулло Олимзода Тәжікстан ұлттық құрамасының сапында жеті кездесу өткізген.