ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Ұлттық құрама шабуылшысы жаңа клубқа ауысты

Алияр Мұхамед осы жылы ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алып, дебют жасады.

Ұлттық құрама шабуылшысы жаңа клубқа ауысты
Алияр Мұхамед. Фото: ҚФФ

Көкшетаулық «Оқжетпес» клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Алияр Мұхамед ресми түрде Қызылорданың «Қайсар» командасының ойыншысы атанды.

24 жастағы футболшының жаңа клубымен жасасқан келісімшартының шарттары әзірге жарияланған жоқ.

Өткен маусымда Алияр Мұхамед барлық турнирде 24 матчқа қатысып, үш гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, биыл ол Қазақстан ұлттық құрамасына алғаш рет шақырту алды.

«Оқжетпестен» бөлек, Алияр Мұхамед бұған дейін шымкенттік «Оңтүстік академиясы», түркістандық «Тұран», атакенттік «Мақтаарал» және талдықорғандық «Жетісу» клубтарында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, ҚПЛ-2025 маусымының қорытындысы бойынша «Қайсар» 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде 11-орынға тұрақтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.