ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Ислам Чесноков Шотландия астанасына жетті

Әуежайға келе салысымен ұлттық құрама шабуылшысы "Хартс" базасына аттанды.

Ислам Чесноков Шотландия астанасына жетті
Ислам Чесноков. Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ислам Чесноков Шотландияның астанасы Эдинбургке келді. Жақын арада ол «Хартс» клубының басшылығымен келіссөз жүргізбек.

Футболшы Эдинбургке Нидерландының Амстердам қаласынан ұшып келген. Алайда рейс бірнеше сағатқа кешігіп жеткені белгілі болды.

Осы күні «Хартс» өз алаңында «Ливингстонды» 1:0 есебімен жеңіп, Шотландия Премьер-лигасындағы көшбасшылық орнын сақтап қалды. Қазіргі таңда команда 44 ұпай жинаса, ең жақын қуғыншылары — «Селтик» пен «Рейнджерс» 38 ұпаймен келеді.

Еске сала кетейік, өткен маусымда Ислам Чесноков «Тобол» сапында барлық турнирлерде 29 матч өткізіп, он гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол Қазақстан Кубогының иегері атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.