Ислам Чесноковтың "Хартстағы" жалақысы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Ұлттық құрама шабуылшысы Шотландия чемпионатына 7 қаңтар ауысқан еді.

Ислам Чесноковтың "Хартстағы" жалақысы белгілі болды
Ислам Чесноков. Фото: "Хартс" ФК

Ресейлік спорт сарапшысы Никита Васюхин Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноковтың «Хартстағы» жалақысы туралы мәліметпен бөлісті.

«Осы трансферлік терезеде олар бір миллионнан аса сомаға өткен маусымда жартылай кәсіби лигада ойнаған оң қаптал қорғаушысын сатып алды, ал Чесноковқа ондай көлемде инвестиция салынған жоқ – тегін трансфер, орташа мерзімді келісімшарт, дерлік көтерме ақысыз, бірақ өз деңгейі үшін қомақты жалақымен — айына шамамен 12 мың фунт стерлинг (8,2 миллион теңге) таза табыс. Бұл Блум атындағы экспериментті (Тони Блум – «Хартстың» миноритарлық акционері) байқап көру үшін аса қымбат емес», – деп ойын түйіндейді Васюхин.

Еске салайық, Ислам Чесноков «Хартстың» «Дандиге» қарсы матчына (1:0) тізімге енді, алайда алаңға шыққан жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір