"Тобыл" Самородов пен Кенжебектің командасын жеңді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қостанайдың "Тобыл" ФК Түркия жағалауындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, Еуропаның түрлі командаларымен жолдастық кездесулер өткізіп жатыр. 

"Тобыл" Самородов пен Кенжебектің командасын жеңді (ВИДЕО)
instagram/@fctobol

Қарсылас — Самородов пен Кенжебек ойнайтын "Ахмат" 

Нұрбол Жұмасқалиев шәкірттеріне Грозныйдың "Ахмат" клубы қарсылас болды. Ресейлік ұжым сапында Қазақстанның екі шабуылшысы — Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді.

Айта кетейік, "Ахматты" Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.

Қостанайлық команда рейтингі жоғары ұжымға лайықты қарсылық танытып, 2:1 есебімен жеңіске жеттті. Асхат Тағыберген пен Луис Герра мергендік танытты. 

"Қайсар" "Балтикадан" жеңілді

Сол күні Түркияның Белек қаласында Қызылорданың "Қайсары" да жолдастық матч өткізді. "Дала қасқырлары" Калининградтың "Балтикасына" 1:2 есебімен есе жіберді.

"Қайсар" сапында жалғыз голды Мүсілім Жұмат соқты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір