Ресейлік клуб қазақстандық қорғаушыға қызығушылық танытуда

Сарапшы, спорт журналисі

Өткен маусымда жас футболшы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде дебют жасаған болатын.

Ресейлік клуб қазақстандық қорғаушыға қызығушылық танытуда
Александр Широбоков. Фото: ҚФФ

Қазақстандық «э"Қайраттың" қорғаушысы Александр Широбоков мансабын грозныйлық "Ахматта" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.

Жас футболшы Ресей клубының бапкерлер штабының назарын Чемпиондар лигасындағы сенімді ойынымен аударған. Өткен маусымда "Қайрат" түлегі барлық турнирлерде 17 матч өткізіп, миландық "Интерге" қарсы кездесуде (1:2) нәтижелі пас берді.

Широбоков жайлы

Широбоковтың трансферлік құны 250 мың еуроға бағаланып отыр. Қорғаушы — Қазақстанның үш дүркін чемпионы, сондай-ақ ел Кубогы мен Суперкубогының иегері.

Еске салайық, грозныйлық клуб сапында Қазақстан құрамасының екі футболшысы — Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетіп жүр. Команданы Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір