Шерхан Қалмырза Қазақстан футболының болашақ жұлдызын атады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы және "Қайрат" клубының қақпашысы болашағынан зор үміт күттіретін ойыншының есімін атады.

Шерхан Қалмырза Қазақстан футболының болашақ жұлдызын атады
instagram/@kallmurza

Кімге ерекше баға берді?

Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасының голкипері әлеуметтік желіде командаласы әрі ұлттық құрама капитаны Азамат Тұяқбаевқа қатысты пікір білдірді.

Қалмырза Еуропа чемпионатының 2025/26 маусымына арналған іріктеу кезеңінің элиталық раундындағы Румынияға қарсы матчта соғылған голдан кейін арнайы жазба жариялады. Ол сториске Тұяқбаевтың соққы жасау сәтінің алдындағы кадрды жүктеп, жас жартылай қорғаушыға жоғары баға берді.

"Азамат Тұяқбаев — оның есімі әлі жарқырайды", — деп жазды қазақстандық қақпашы.

Қазақстан Румынияны қалай жеңді?

Кеше Еуропа чемпионаты 2025/2026 іріктеу кезеңінің элиталық раундындағы алғашқы турда Қазақстанның U-19 құрамасы турнир қожайыны Румынияны 2:0 есебімен сенсациялық түрде жеңді.

Матчтағы есепті 13-минутта Абылай Төлеухан ашты. Ал кездесудің нүктесін 66-минутта Азамат Тұяқбаев қойды. Ол айып добын шебер жүзеге асырып, команданың басымдығын еселей түсті.