ҚФФ даулы матчтан кейін төрешілерді қызметтен шеттетті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан футбол федерациясы Премьер лигадағы даулы ойыннан кейін екі төрешінің уақытша қызметтен шеттетілгенін мәлімдеді.

ҚФФ даулы матчтан кейін төрешілерді қызметтен шеттетті
"Ордабасы" ФК

Федерация мәліметінше, төрешілер Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова ұлттық жарыстардағы матчтарда қызмет етуден уақытша шеттетілді. Бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында жіберілген өрескел қателіктерге байланысты қабылданған.

Еске сала кетсек, Санжар Ысқақов ҚПЛ ойындарының төртінші туры аясында "Ордабасы" - "Атырау"  матчында бас төреші болған. Ал Татьяна Сорокопудова осы кездесуде VAR төрешісі болып қызмет атқарған.

Матчта бірқатар даулы шешімдер қабылданып, ойынға әсер еткен. Ойын барысындағы шешімдерді кейіннен ҚФФ төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру қате деп жариялап, ресми шешім шығарған. Ал төрешілердің болашақтағы мәртебесіне қатысты түпкілікті шешім құзыретті органдардың мұқият тексеру жұмыстарын жүргізгенінен кейін ғана қабылданады.