Дембелені шаң қаптырды. Дастан Сәтпаев әлемдегі ең жылдам футболшылардың қатарына енді

Сарапшы, спорт журналисі

Сараптамалық деректер оның ойын қарқыны мен қозғалыс белсенділігі жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Дембелені шаң қаптырды. Дастан Сәтпаев әлемдегі ең жылдам футболшылардың қатарына енді
Vesti.kz

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев әлемдегі ең жылдам шабуылшылардың бірі ретінде танылды. Сараптамалық деректер оның ойын қарқыны мен қозғалыс белсенділігі жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Сәтпаевтың басты артықшылығы — спринт саны

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Дастан Сәтпаев әлемдегі ең жылдам ойыншылардың қатарында. Бір матчтағы спринт саны бойынша форвардтар арасында көшбасшы. 

Талдау көрсеткендей Килиан Мбаппе, Эрлинг Холанд, Расмус Хёйлунд пен Андерсон Силва сияқты футбол жұлдыздары жылдамдық бойынша Сәтпаевтан жоғары тұр. 

Алайда қазақстандық шабуылшы ойын бойы тұрақты қозғалысымен, жиі спринт жасаумен ерекшеленеді. 

"Челсиге" трансфер

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 2025 жылдың 10 ақпанында лондондық "Челсиге" ауысатыны белгілі болды.  

Жас жұлдыз енді 2026 жылдың жазында яғни 18 жасқа толған соң ресми түрде лондондық клубқа қосылады.

Бейресми дерек бойынша:

  • Негізгі трансфер құны — 2,4 млн еуро
  • Бонустармен бірге — 4,3 млн еуроға дейін