Еуропа Қазақстанның жас футбол жұлдызын жарыса талқылап жатыр

Сарапшы, спорт журналисі

Кәрім Меңдіқановтың "Барселона" жүйесіне ауысуы Еуропа футбол кеңістігінде қызу талқыланып жатыр.

Еуропа Қазақстанның жас футбол жұлдызын жарыса талқылап жатыр
instagram/@zidan4eglive

Қазақ футболының жас таланты Еуропа назарын аудартты

Халықаралық Skiller футбол порталы Instagram желісіндегі парақшасында 15 жастағы қазақстандық ойыншының шеберлігіне жоғары баға беріп, бұл трансферді ерекше оқиға ретінде бағалады.

Мәліметке сәйкес Кәрім Меңдіқанов 2026 жылдың 1 сәуірінде каталондық клуб құрылымымен келісімшартқа отырған. Ол ресми түрде командаға келесі маусымда қосылады.

Сарапшылар бұл ауысымды жай ғана трансфер емес, болашағы зор футболшының үлкен деңгейге жасаған маңызды қадамы деп отыр.

Кәрім Меңдіқанов қандай футболшы?

Еуропалық мамандардың пікірінше, қазақстандық жасөспірім — оң қапталда ойнайтын жылдам әрі техникалық шебер вингер.

Оның негізгі артықшылықтары мыналар ретінде аталады:

  • қарсыласын бірге-бір сәттерде оңай алдап өтуі;
  • қорғаушыларға батыл шабуыл жасауы;
  • шабуыл шебінде өткір сәт тудыру қабілеті;
  • жоғары қарқын мен ойын еркіндігі.

Skiller жарияланымында Меңдіқановтың алаңдағы батылдығы мен шабуылдағы белсенділігі оның болашағынан зор үміт күттіретіні ерекше айтылған. Кәрімге бірнеше еуропалық клуб қызығушылық танытқан. Бірақ жас талант өз таңдауын дәл “Барселона” пайдасына жасаған.