"Ордабасы" ФК бас бапкері төрт матчқа шеттетілді
Андрей Мартин төрт матчқа дисквалификация алды.
Не үшін жазаланды?
Андрей Мартин ҚПЛ-дың 9-туры аясында өткен “Алтай” – “Ордабасы” матчындағы эпизодтан кейін жазаланған. Ол бас төреші Марат Ысқақовтың шешіміне наразылық білдірді. Рефери VAR көмегіне жүгінгеннен кейін де “Алтай” қақпасына пенальти белгілемеген. Осы сәттен кейін Мартин эмоциясын жасыра алмай, қызыл қағаз алды.
Егер дисквалификация тек Қазақстан Премьер-лигасына қатысты болса, Андрей Мартин “Ордабасының” келесі төрт матчында қосалқы құрам орындығында болмайды.
Атап айтқанда, мына кездесулерді өткізіп алуы мүмкін:
- “Жетісу”
- “Тобыл”
- “Қайрат”
- “Елімай”
Дегенмен жазаның Қазақстан кубогына да тарайтыны немесе тек ҚПЛ матчтарына қатысты екені әзірге нақты айтылмаған.
“Алтай” мен “Ордабасы” тең ойнады
10 мамыр күні өткен кездесуде “Ордабасы” сырт алаңда “Алтаймен” 0:0 есебімен ойнады.
Бұл нәтиже шымкенттік клубтың турнирлік жағдайына айтарлықтай әсер еткен жоқ. 9 турдан кейін “Ордабасы” еншісінде 19 ұпай бар және команда Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде екінші орында келеді.