Иран футболшылары әлем чемпионатына бара алмауы мүмкін

Спорт шолушысы

Ирандықтар футболдан әлем чемпионатына қатысу алдында тағы бір мәселеге тап болды. Футбол федерациясы құраманың АҚШ визаларын алмағанын мәлімдеді.

Иран футболшылары әлем чемпионатына бара алмауы мүмкін
Reuters

Федерация басшысы бұл мәселеге байланысты Мехди Тадж алдағы күндері ФИФА өкілдерімен шешуші кездесу өтетінін хабарлады. 

"Біз ФИФА-мен шешуші кездесу өткіземіз. Виза мәселесі әлі шешілмегесін олар бізге кепілдік беруі керек. Қарсы тараптан кімдерге рұқсат берілгені туралы ешқандай ресми ақпарат алған жоқпыз, визалар әлі берілген жоқ."

Бұған дейін АҚШ Ирак құрамасының бес футболшысына виза беруден бас тартқан еді.

Матч қайда өтеді?

БАҚ мәліметінше, Иран тарапы өз матчтарын Мексика аумағында өткізу мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Сонымен қатар команда чемпионат кезінде Аризона штатының Туксон қаласында орналасады. Ирандықтар әлем чемпионатын тура бір айдан соң 15 маусымда Лос-Анджелесте Жаңа Зеландия құрамасына қарсы матчпен ашады, кейіннен G тобындағы  Бельгия және Египетпен ойнайды.