"Ақтөбенің" спорт директоры 20 күннен кейін жұмыстан кетті

Бокс шолушысы

Ол қызметке 2 мамырда тағайындалған еді. 

"Ақтөбенің" спорт директоры 20 күннен кейін жұмыстан кетті
kazfootball.kz

"Ақтөбе" футбол клубында тағы бір кадрлық өзгеріс. Грузиялық маман Важа Тархнишвили спорт директоры қызметінен кетті. Бұл туралы "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы хабарлады.  

Дереккөз мәліметінше, Важа Тархнишвили қазірдің өзінде Қазақстан аумағынан тыс жерде жүр.

"Қолда бар ақпарат бойынша, Важа Тархнишвили "Ақтөбе" футбол клубынан кетті. Қазіргі уақытта ол Қазақстаннан тыс жерде", — деп жазды дереккөз.

Клуб тарапынан бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме әзірге жарияланған жоқ.

Ол қызметке 2 мамырда тағайындалған еді

Еске салайық, "Ақтөбе" Важа Тархнишвилидің спорт директоры қызметіне тағайындалғанын 2 мамыр күні ресми түрде хабарлаған болатын. Осылайша грузиялық маман клубтағы қызметінде небәрі 20 күн шамасында ғана жұмыс істеді.

Тархнишвилиге дейін бұл лауазымды Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Марат Хайруллин атқарды. Ол спорт директоры қызметіне өткен жылдың тамызында келген еді.

"Ақтөбенің" турнирлік жағдайы қандай?

Қазақстан Премьер-лигасының он турынан кейін "Ақтөбе" 14 ұпай жинап, турнирлік кестеде жетінші орында тұр.