"Қайрат" футболшысы Германия құрамасына қарсы ойнауы мүмкін

Бокс шолушысы

Жуырда алматылық клубтың жартылай қорғаушысы Финляндия құрамасына шақырылды. 

"Қайрат" футболшысы Германия құрамасына қарсы ойнауы мүмкін
Meta-ratings.kz

Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Ойва Юккола Финляндия ұлттық құрамасына шақырылды. 24 жастағы футболшы алдағы жолдастық кездесулерге қатысатын ойыншылардың қорытынды тізіміне енді.

Финляндия құрамасы мамырдың соңы мен маусым айының басында екі жолдастық матч өткізеді.

Юккола Германия және Венгрияға қарсы ойнауы мүмкін

Ойва Юккола Финляндия құрамасының 31 мамырда Германияға қарсы өтетін кездесуіне дайындалады. Бұдан кейін финдер 5 маусым күні Венгрия құрамасымен ойнайды. Ал "Қайраттың" тағы бір финляндиялық жартылай қорғаушысы Яакко Оксанен бұл жолғы құрамға ене алмады. 

Айта кетейік, Ойва Юккола биылғы маусымда "Қайрат" сапында сенімді ойын көрсетіп келеді. ОҚазақстан Премьер-лигасында 11 матч өткізіп, 3 гол және 2 нәтижелі паспен көзге түсті.

"Қайрат" ҚПЛ-де көш бастап тұр

Қазіргі таңда "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орында келеді. Алматы клубының еншісінде 25 ұпай бар.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері жақын қарсыласы шымкенттік "Ордабасыдан" үш ұпайға озып тұр.