"Оқжетпес" сырт алаңда жеңіске жетіп, үздік үштікке жайғасты (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 11-турында көкшетаулық команда "Алтайды" минималды есеппен ұтты.
Кузьмичевтің голы жеңіс әкелді
“Оқжетпес” алғашқы минуттарынан бастап допқа көбірек иелік етіп, шабуылда белсенді қимылдады. Көкшетаулықтар бұрыштама добынан кейін есеп ашты. Иван Кузьмичев әуеден келген допты баспен дәл бағыттады.
Голдан кейін алаң иелері ойынды теңестіруге тырысты. “Алтай” бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен қақпашы Мирослав Лобанцев сенімді ойнай білді.
Екінші таймда екі команда да есепті өзгертуге мүмкіндік алды. Бірақ қорғаныс шебі мен қақпашылардың сәтті ойыны нәтижесінде таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
“Оқжетпес” үздік үштіктегі орнын нығайтты
Бұл жеңістен кейін “Оқжетпес” ұпай санын 22-ге жеткізді. Көкшетаулық клуб турнирлік кестеде екінші орында келе жатқан Шымкенттің “Ордабасысымен” теңесті.
Ал “Алтай” 8 ұпаймен ҚПЛ кестесінің 13-сатысында қалды.