Бақтиер Зайнутдиновтың жаңа бас бапкері тағайындалды

Жекпе-жек шолушысы

Мәскеулік "Динамо" бас бапкер қызметіне неміс маманы Сандро Шварцтың тағайындалғанын ресми түрде хабарлады.

Бақтиер Зайнутдиновтың жаңа бас бапкері тағайындалды
vesti.kz

“Динамоға” қайта оралды

“Динамо” жариялаған ресми ақпаратта Сандро Шварцтың клубқа қайта келгені атап өтілді. Оның бапкерлер штабына Волкан Булут қосылады. Ал штабтағы өзге өзгерістер кейінірек белгілі болмақ.

Айта кетейік, Сандро Шварц бұған дейін де мәскеулік клубты жаттықтырған. 2020-2022 жылдары оның жетекшілігімен “Динамо” Ресей чемпионатында соңғы 14 жылдағы алғашқы қола жүлдесін жеңіп алып, сондай-ақ Ресей кубогының финалына дейін жеткен.

Шварцпен келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін, яғни үш жылға жасалған. Неміс бапкері командамен жұмысты жазғы оқу-жаттығу жиынында бастайды.

Сандро Шварцтың футболдағы жолы

47 жастағы маман футболшы кезінде тірек жартылай қорғаушы позициясында ойнаған. Германияның “Майнц 05”, “Рот-Вайсс” және “Веен” клубтарының намысын қорғап, кәсіби мансабын 2009 жылы аяқтаған.

Бапкерлік қызметін Шварц Германиядағы “Эшборн” және “Майнц 05” клубтарында бастаған. Кейін 2020 жылы мәскеулік “Динамоны” қабылдап, командамен айтарлықтай нәтижеге жетті.

Маман 2022 жылы маман Германияға оралып, Берлиннің “Гертасын” жаттықтырды. Бірақ нәтижелердің төмен болуына байланысты қызметінен босатылды. Кейін АҚШ-та жұмыс істеп, 2023 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың қазанына дейін “Нью-Йорк Ред Буллз” клубын басқарды. Бұл командамен MLS плей-офф кезеңінің финалына дейін жетті.

Бұл жаңалық Зайнутдинов үшін не білдіреді?

“Динамо” сапында Қазақстан құрамасының маңызды ойыншыларының бірі Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. Қазір қазақстандық футболшы жарақатынан айығып, Ресей Премьер-лигасындағы матчқа алғаш рет өтінімге енді.