ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

"Астана" "Алтайға" қарсы ойында жеңісті уысынан шығарып алды (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында "Алтай" Өскеменде "Астананы" қабылдады.

"Астана" "Алтайға" қарсы ойында жеңісті уысынан шығарып алды (ВИДЕО)
instagram/@f.c.altai

Бірінші таймда алаң иелері белсенді қимылдады. Бірақ кейін “Астана” шабуылға көбірек көңіл бөлді. Екі командада да мүмкіндік болғанымен үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Екінші таймның басында елордалықтар алға шықты. Рамазан Кәрімов жақын қашықтықтан дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.

Дегенмен “Алтай” матч соңына дейін берілмеді. Өскемендіктер сапынан Дмитрий Шмидт мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестірді.

Осы тең ойыннан кейін “Астана” 19 ұпаймен 4-орында қалды. Ал “Алтай” 10 ұпай жинап, 13-сатыда тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.