"Тараз" 1:3 есебінен кейін камбэк жасап, жеңілістен құтылды

Бокс шолушысы

"Тараз" ФК Қазақстан Бірінші лигасының 8-турында Қостанайда "Тобыл М" командасымен тең түсті.

"Тараз" 1:3 есебінен кейін камбэк жасап, жеңілістен құтылды
instagram/@birinshiliga

“Тобылдықтар” бірінші таймда басым болды

Матчтағы есеп 9-минутта ашылды. Алаң иелері сапынан Олжас Тоқтасынов мергендік танытты. 

35-минутта Аманжол Мұхаметжанов таразы басын теңестірді. Бірақ үзіліске дейін қостанайлықтар тағы екі гол соғып үлгерді. Бекжан Қабылғазин дубль авторы атанып, “Тобыл М” командасына 3:1 есебімен басымдық сыйлады.

Матч соңында ойынды құтқарды

Екінші таймда “Тараз” ұзақ уақыт есеп айырмасын қысқарта алмады. Тек 82-минутта бұрыштамадан кейін Нұрлан Дайыров гол соғып, интриганы қайта жандандырды. Ал қосымша уақытта, 91-минутта Ерсұлтан Төреқұл қонақтарды жеңілістен құтқарып қалды. Қорытынды есеп — 3:3.

Осы ойыннан кейін “Тараз” 16 ұпаймен Бірінші лига кестесінде 3-орында тұр. Команда келесі кездесуін 11 маусымда өз алаңында “Астана М”-ға қарсы өткізеді.

Ал “Тобыл М” 5 ұпаймен 12-сатыда келеді. Қостанайлықтардың келесі қарсыласы — ”Қайрат-Жастар”. Бұл матч 12 маусымда Алматыда өтеді.