"Реалдағы" жанжалдан кейін Вальверде алғаш рет пікір білдірді
Федерико Вальверде мадридтік командаласы Орельен Тчуаменимен арадағы жанжал жайлы мәлімдеме жасады.
Футболшы шетелдік басылымдарға берген сұхбатында болған оқиғадан кейінгі жағдайымен бөлісті.
“Тчуамени екеуміздің арамызда болған жағдайдан кейін өзімді өте жақсы сезініп жүрмін. Маған көп адам қолдау білдірді. “Реалдың” жанкүйерлерінен, клубтан үлкен қолдау сезіндім. Кейде футболда да, өмірде де осындай кедергілерден өтуге тура келеді. Адам дәл осындай сәттерде өсіп, тұлға ретінде қалыптасады. Мұның бәрі алдағы жылдары жақсы капитан болуыма көмектеседі”, — деді Вальверде.
Бұған дейін БАҚ-та екі футболшының жаттығу кезінде төбелесіп қалғаны хабарланған еді. Жаттығудан кейін болған жанжал салдарынан Вальверде бас-ми жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Жарақатына байланысты уругвайлық футболшы екі матчқа қатыса алмады. Аталған оқиғадан соң екі футболшыға да 500 мың еуро көлемінде айыппұл салынған.
Вальверде өткізіп алған Ла Лиганың 35-туры аясындағы кездесуде “Реал Мадрид” қарсылас клуб “Барселонаға” 0:2 есебімен есе жіберген.
“Реалдағы” маусым статистикасы
Федерико Вальверде “Реал Мадрид” сапында 2016 жылдан бері ойнайды. 2025/26 маусымында ол 49 матч өткізіп, 9 гол мен 13 нәтижелі пас авторы атанған. Ал Орельен Тчуамени мадридтік клубқа 2022 жылы қосылған. Биылғы маусымда оның еншісінде 2 гол және 2 ассист бар.