Самат Смақов Өзбекстанның ӘЧ-2026-дағы мүмкіндігін бағалады
Оның айтуынша, команда Португалиядан бөлек барлық қарсыласпен тең ойнай алады.
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов Өзбекстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports24.kz хабарлады.
"Португалияны есептемегенде, бәрімен ойнауға болады. Тіпті португалдарға қарсы жақсы ойын көрсетуге мүмкіндік бар. Егер команда қорғаныста сауатты ойнаса, оны бұзып өту өте қиын болады", — деді Смақов.
Осы ретте бұрынғы футболшы әлем чемпионатында көрші ел құрамасына қолдау білдіретінін де жеткізді.
"Өзбекстан — біздің көршіміз, бауырлас республика. Біз оларға жанкүйер боламыз", — деді ол.
Өзбекстан алғаш рет әлем чемпионатында ойнайды
Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. 2026 жылғы мундиальде команда K тобында өнер көрсетеді.
Қарсыластар:
- Португалия;
- Колумбия;
- Конго Демократиялық Республикасы.
Алғашқы матчты өзбекстандықтар 17 маусым күні Мехикода Колумбия құрамасына қарсы өткізеді.