Англияда Дастан Сәтпаевтың деңгейіне баға берілді

Спорт шолушысы

Қазақстандық шабуылшыны жоғары деңгейдегі талант екені айтылды. 

Англияда Дастан Сәтпаевтың деңгейіне баға берілді
Qaz365.kz

Англиядағы "Челси" жанкүйерлері алматылық "Қайраттың" жас шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың әлеуетіне баға берді. 

TheBluesFeed әлеуметтік желідегі жазбасында Дастан Сәтпаевтың үлкен талант екенін атап өтті. Дегенмен фан-аккаунт ойыншының кейбір қырлары әлі толық қалыптаспағанын да жасырмады.

"Бұл жігіт өте жоғары деңгейдегі талант сияқты көрінеді. Ол кейбір аспектілерде әлі шикілеу, бірақ үйрету мүмкін емес бір қасиет бар — допқа соққы жасау. Оның соққылары өте мықты!", — деп жазды TheBluesFeed.

Сәтпаев "Челсиге" қашан қосылады?

Дастан Сәтпаев "Челсиге" 18 жасқа толғаннан кейін, яғни тамыз айында ауысуы тиіс.

Қазіргі уақытта қазақстандық шабуылшы "Қайрат" сапында жалға алу құқығымен өнер көрсетіп жүр. Ол ҚПЛ-дегі матчтар арқылы ойын тәжірибесін жинап, Лондонға дайындық кезеңін өткізіп жатыр.

"Қайрат" соңғы турда жеңілді

Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында "Қайрат" сырт алаңда Шымкенттің "Ордабасысына" 1:2 есебімен есе жіберді.