Венгрия құрамасы Қазақстанға қарсы матч алдында екі ойыншысынан айырылды

Бокс шолушысы

Венгрия Қазақстанмен өтетін жолдастық кездесу алдында екі футболшысының көмегіне жүгіне алмайды.

Венгрия құрамасы Қазақстанға қарсы матч алдында екі ойыншысынан айырылды
sports.ru

Шаллаи жарақатына байланысты құрамадан кетті

Венгрия футбол федерациясының мәліметінше, Роланд Шаллаи Финляндияға қарсы өткен кездесуде жарақат алған. Сол ойында Венгрия құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Футболшы матч кезінде соққы алып, содан бері ахилл сіңірі тұсындағы ауырсынуға шағымданған. Осыған байланысты Шаллаи ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынынан кетіп қалды.

Керкез Қазақстанға қарсы ойнамайды

Ал “Ливерпуль” қорғаушы Милош Керкез Қазақстанмен өтетін матчқа жеке себептерге байланысты қатыспайды. Ол командамен бірге Дебрецен қаласына бармайды.

Осылайша Венгрия құрамасы Қазақстанға қарсы жолдастық кездесуге екі маңызды ойыншысыз дайындалуға мәжбүр.

Венгрия мен Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 9 маусым, сейсенбі күні Дебрецен қаласында өтеді.

Матчтың басталуы Қазақстан уақыты бойынша 22:00-ге жоспарланған.