ӘЧ-2026: Месси Аргентина тарихындағы ең жас әрі ең егде гол авторы атанды
Жуырда Лионель Месси Алжирге қарсы матчта хет-трик жасаған болатын.
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Алжир қақпасына үш гол соғып, тарихи көрсеткішке қол жеткізді. 38 жастағы шабуылшы енді Аргентина құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең егде гол авторы атанды.
Аргентина мен Алжир арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Матчтағы барлық голды Лионель Месси соқты. Ол 17, 60 және 79-минуттарда көзге түсті.
Месси жаңа рекорд орнатты
24 маусымда Лионель Месси 39 жасқа толады. Ал Алжирге қарсы хет-триктен кейін ол Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионатында гол соққан ең жасы үлкен футболшы атанды.
Қызығы, Месси әлі де Аргентина құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең жас гол авторы мәртебесін сақтап отыр. Ол бұл көрсеткішке 2006 жылы Германияда өткен алғашқы мундиалінде қол жеткізді. Сол кезде аргентиналық шабуылшы небәрі 18 жаста еді.
Мессидің статистикасы
Лионель Месси кәсіби мансабында 1157 матч өткізіп, 914 гол соқты. Оның 672 голы "Барселона" сапында тіркелген.
Аргентина құрамасы үшін Месси 120 рет мергендігімен көзге түсті. Сонымен қатар ол "Интер Майами" сапында 89 гол, "Пари Сен-Жермен" құрамында 32 гол соққан.
Бұдан бөлек, аргентиналық футболшы мансабында 414 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіштер оның әлем футболындағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі екенін тағы да дәлелдейді.
Аргентинаның келесі қарсыласы белгілі
Аргентина құрамасы келесі ойынын 22 маусымда Австрияға қарсы өткізеді. Ал Алжир сол күні Иордания құрамасымен кездеседі.