Шетелдік маман "Ордабасының" бапкерлер штабына қосылды

Бокс шолушысы

Шымкенттік команда штабына дене дайындығы бойынша румыниялық Влад Никоарэ қосылды.

Шетелдік маман "Ордабасының" бапкерлер штабына қосылды
instagram/@fc__ordabasy

“Ордабасы” жаңа маман тағайындады

Қазақстан Премьер-лигасының көш басында тұрған “Ордабасы” бапкерлер штабын күшейтті. Клубтың баспасөз қызметі Влад Никоарэнің дене дайындығы бойынша бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді.

Румыниялық маман кәсіби футболда мол тәжірибе жинаған. Соңғы жылдары Румыния U-21 құрамасының бапкерлер штабында жұмыс істеп, жастар арасындағы Еуропа чемпионаттарының финалдық кезеңдеріне қатысқан.

Қандай клубтарда жұмыс істеген?

Влад Никоарэ клубтық деңгейде Румыния чемпионатындағы бірнеше командада қызмет атқарған. Оның еңбек жолында “УТА”, “Волунтари” және “Политехника Тимишоара” клубтары бар.

Маманның негізгі міндеттері мыналар болған:

  • команданың физикалық дайындық процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
  • ойыншылардың функционалдық жағдайын заманауи технологиялар арқылы бақылау;
  • футболшыларға жеке дайындық және қалпына келу бағдарламаларын жасау;
  • жүктемені дұрыс бөлу және футболшылардың бабын тұрақты деңгейде ұстау.

Румыния құрамаларындағы тәжірибесі

Никоарэ тек клубтық футболда емес, ұлттық құрамалар жүйесінде де еңбек еткен. Румынияның әйелдер құрамасымен жұмыс істеген, сондай-ақ “Политехника Тимишоара” футбол академиясының құрылымында тәжірибе жинаған.

Клуб мәліметінше, Влад Никоарэнің келуіне қарамастан дене дайындығы бойынша бапкер Луиз Альберто да “Ордабасы” штабындағы жұмысын жалғастырады.

“Ордабасы” Қазақстан Премьер-лигасының 14-тур қорытындысы бойынша 34 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында келеді.