"Ақтөбе" ФК жаңа бас бапкер тағайындады

Жекпе-жек шолушысы

Қызыл-ақтардың тізгінін тәжірибелі маман Игорь Черевченко ұстады.

"Ақтөбе" ФК жаңа бас бапкер тағайындады
Instagram/@fcaktobe_official

Футболшы ретінде "Локомотивте" ойнады

51 жастағы маман бұған дейін Ресей мен Тәжікстанның бірнеше клубында қызмет атқарып, бірқатар жүлде еншіледі. 

Игорь Черевченко Тәжікстанда дүниеге келген. Кәсіби футболдағы алғашқы қадамын Душанбенің "Памир" клубында бастаған. Кейін Ресейге қоныс аударып, Мәскеудің "Локомотив" және "Торпедо" командаларында, сондай-ақ Владикавказдың "Алания" клубында ойнады.

Ресей кубогын жеңіп алды

Черевченко бапкерлік мансабында Мәскеудің "Локомотив" клубындағы жұмысымен кеңінен танылды. Оның жетекшілігімен команда Ресей кубогының иегері атанды.

Сонымен қатар маман Калининградтың "Балтика", Туланың "Арсенал", Мәскеу облысының "Химки" және Воронеждің "Факел" клубтарын жаттықтырған.

Игорь Черевченко Душанбенің "Истиклол" командасын да басқарды. Тәжірибелі бапкер бұл клубпен Тәжікстан чемпионатында қатарынан үш маусым жеңіске жетті. Сондай-ақ ел кубогы мен Суперкубогын иеленіп, команданы АФК Чемпиондар лигасына шығарды.