ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

"Қайраттың" 800-ден астам жанкүйері Чемпиондар лигасының матчына Түркістанға барады

Алматылық клубтың белсенді жанкүйерлері Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Левскиге" қарсы қарымта матчты стадионнан тамашалау үшін Түркістанға аттанады.

"Қайраттың" 800-ден астам жанкүйері Чемпиондар лигасының матчына Түркістанға барады
instagram/@f.c.kairat

Жанкүйерлерге 20 автобус бөлінеді

Алматылық команданың жанкүйерлер қозғалысы Болгарияның "Левски" командасына қарсы қарымта кездесуге ауқымды сапар ұйымдастырмақ.

ASnews.kz мәліметінше, 11 тамызда "Түркістан Аренада" өтетін ойынға "Қайраттың" 800-ден астам жанкүйері барады. Оларды жеткізу үшін 20 автобус жолға шығады.

Белсенді жанкүйерлер матч барысында алматылық команданы арнайы бөлінген сектордан қолдамақ.

Командалар арасындағы алғашқы кездесу 6 тамызда Болгарияда өтеді. Қарымта ойын 11 тамызда Түркістанда ұйымдастырылады.

Бұл кездесулердің қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының келесі іріктеу кезеңіне жолдама алатын команда анықталады.

Матч неліктен Түркістанға ауыстырылды?

"Қайраттың" қарымта ойыны бастапқыда Алматыдағы Орталық стадионда өтуі тиіс болған. Бірақ стадионда америкалық рэпер Канье Уэстің концерті жоспарлануына байланысты футбол матчын Түркістанға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты алматылық клубтың жанкүйерлері командасын қолдау үшін Түркістанға арнайы сапар ұйымдастырып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.