Әли Әлиевтің орнын босниялық маман басты

Жекпе-жек шолушысы

Елордалық "Жеңіс" ФК Владимир Слишковичты команданың жаңа бас бапкері ретінде ресми таныстырды.

Әли Әлиевтің орнын босниялық маман басты
instagram.com/jenisfk.kz/

Слишкович “Жеңістің” тізгінін ұстады

43 жастағы Владимир Слишкович бұған дейін Ресей Премьер-лигасында еңбек етіп, Мәскеудің “Спартак” және “Оренбург” клубтарындағы жұмысымен танылған.

“Спартакта” қызмет еткен кезеңде оның командасы Ресей чемпионатының бірқатар матчында жеңіліссіз серия көрсеткен. Сол кезеңдегі нәтижесінің арқасында Слишкович айдың үздік бапкері атанды. 

Слишкович бапкерлік мансабын босниялық “Зриньски” клубында бастаған. Кейін Қытай мен Сауд Арабиясындағы командаларда қызмет етті. Сонымен қатар Босния және Герцеговинаның жасөспірімдер құрамасының бапкерлер штабында жұмыс істеген.

“Жеңістегі” ауыс-түйіс

Бұған дейін елордалық команданы қазақстандық маман Әли Әлиев жаттықтырған.

Енді “Жеңіс” жаңа бапкермен Қазақстан Премьер-лигасындағы нәтижесін жақсартуды көздейді.