The Telegraph: Джанни Инфантино көңілдесін қызметте көтерді

Спорт шолушысы

ФИФА президенті Джанни Инфантиноға қатысты даулы ақпарат тарады. 

The Telegraph: Джанни Инфантино көңілдесін қызметте көтерді
rbc.ru

Британиялық The Telegraph басылымы ФИФА президенті Джанни Инфантиноға қатысты даулы материал жариялады.

Басылым дерегінше, Инфантино УЕФА-да жұмыс істеген кезінде ұйымның әкімшілік аппаратындағы қызметкер әйелмен қарым-қатынаста болған. Кейін бұл әйел басшылық қызметке көтеріліп, жалақысы 30 пайызға өскені айтылған.

The Telegraph мәліметіне сәйкес, әйелдің жалақысы жылына 160 мың швейцариялық франкке дейін жеткен. 

Мишель Платини наразылық білдірген

Материалда УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини бұл жағдайға көңілі толмағаны жазылған.

Басылымның хабарлауынша, Платини Инфантиноның ұйым қызметкерімен байланысына наразылық танытқан. Осыдан кейін әйелдің УЕФА-дағы жұмысын тоқтату және оған өтемақы төлеу туралы шешім қабылданғаны айтылды.

The Telegraph дерегінше, қызметкерге төленген өтемақы көлемі алты таңбалы санмен есептелген. Басылым бұдан бөлек УЕФА аталған әйелдің MBA бағдарламасы бойынша оқу ақысын да төлегенін жазды. Оның құны жылына 45 мың фунт стерлинг болғаны көрсетілген.

ФИФА айыптауларды жоққа шығарды

The Telegraph материалы жарияланғаннан кейін ФИФА ресми мәлімдеме жасап, Инфантиноға қатысты айтылған ақпаратты жоққа шығарды.

"ФИФА президенті Джанни Инфантино бұл айыптауларды толығымен жоққа шығарады және олардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Жарғы немесе регламент талаптарының бұзылғаны туралы кез келген болжам жала жабу болып табылады", — делінген ұйым мәлімдемесінде.

Джанни Инфантино УЕФА-да 2000 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеді.

2009-2016 жылдар аралығында ол ұйымның бас хатшысы қызметін атқарды. Ал 2016 жылдың ақпанында Инфантино Халықаралық футбол федерациясының президенті болып сайланды.