Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жалақысыз қалған легионер ҚПЛ клубынан кетті

Сербиялық шабуылшы Марко Зиванович қаржылық қиындықтарға байланысты талдықорғандық "Жетісу" клубынан мерзімінен бұрын кеткен.

Жалақысыз қалған легионер ҚПЛ клубынан кетті
kazfootball.kz

Зивановичтың кетуіне не себеп?

Инсайдер Эльдар Аманбаевтың хабарлауынша, шабуылшының командадан кетуіне клубтың қаржылық мәселелері мен еңбек міндеттемелерін орындамауы себеп болған.

Инсайдер "Жетісу" футболшыларының үш айдан астам уақыт бойы жалақы алмағанын жеткізді. Осы жағдайда Зиванович маусымның аяқталуын күтпей, Сербияға қайтқан.

Соңғы бес турда үш гол соққан

Марко Зиванович биылғы Қазақстан премьер-лигасында 24 матч өткізіп, бес гол соқты. Оның үшеуі чемпионаттың соңғы бес турында тіркелген.

Шабуылшының кетуімен "Жетісу" маусымның шешуші кезеңінде нәтижелі ойыншыларының бірінен айырылып отыр. Талдықорғандық клуб 26 турдан кейін 22 ұпаймен 16-орында тұр. Команда чемпионаттың қалған матчтарын сербиялық шабуылшысыз өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?