Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ливерпульдің" бұрынғы жұлдызы "Фенербахчені" тізгіндеді

Ресми мәлімдемеге сәйкес, нидерландтық маман бас бапкер міндетін уақытша атқарады. 

"Ливерпульдің" бұрынғы жұлдызы "Фенербахчені" тізгіндеді
news.sportbox.ru

Нидерланд құрамасы мен "Ливерпуль" клубының бұрынғы футболшысы Дирк Кюйт түркиялық "Фенербахченің" бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

"Исмаил Картал кеткеннен кейін клубымыз жаңа бас бапкер анықталғанға дейін негізгі футбол командасына жауапты маман ретінде Дирк Кюйтті тағайындады", – делінген ресми мәлімдемеде.

Кюйт бапкерлер штабына 2026 жылы қосылды

46 жастағы Дирк Кюйт Исмаил Карталдың бапкерлер штабына 2026 жылдың маусымында кірді.

Бұған дейін ол Нидерландтың "Дордрехт" және Бельгияның "Беерсхот" клубтарында, сондай-ақ басқа командаларда жаттықтырушы ретінде жұмыс істеді.

"Фенербахчемен" чемпион болған

Дирк Кюйт футболшы ретіндегі мансабын 2017 жылы аяқтады. Ойыншы ретінде ол "Фенербахче" сапында өнер көрсетіп, 2013/2014 маусымында Түркия чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?