Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық садақшылар Азия кубогы кезеңінде "алтын" алды

Иракта өтіп жатқан турнирдің ақтық сынында ұлттық құрама Бангладеш командасын жеңді. 

Қазақстандық садақшылар Азия кубогы кезеңінде "алтын" алды
olympic.kz

Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы блокты садақтан командалық жарыста қазақстандықтар финалға дейін жетіп, шешуші сында Бангладеш құрамасын жеңді.

Алтын медаль үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласын 230:224 есебімен жеңді. Осы нәтижеден кейін қазақстандық садақшылар Азия кубогы кезеңінің чемпионы атанды.

Қазақстан сапында кімдер өнер көрсетті?:

  • Никита Ивлев;
  • Павел Кузнецов;
  • Ислам Серікұлы.

Сүлейманиядағы Азия кубогы кезеңі 29 қазанға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?