Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Словакия Қазақстанмен ойын алдында құрамын күшейтуге мәжбүр болды

16 қарашада словак футболшылары Астанада Қазақстан құрамасына қарсы ойнайды.

Словакия Қазақстанмен ойын алдында құрамын күшейтуге мәжбүр болды
sportarena.kz

Словакия ұлттық құрамасы Ұлттар лигасында Қазақстанмен өтетін шешуші матч қарсаңында құрамға қатысты қиындықтарға тап болды. Командада негізгі  ойыншыларының жетіспеуі бас бапкерді бірнеше жаңа футболшыны шақыруға мәжбүр етті.

Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Ұлттар лигасының С дивизионы үшінші тобындағы соңғы екі кездесуге төрт дебютантты шақырды.

Словакия құрамасының Фарер аралдары және Қазақстанға қарсы матчтарына қорғаушы Тобиаш Палишчак, жартылай қорғаушылар Людовит Рейс пен Себастьян Небыла, сондай-ақ шабуылшы Матей Труса шақырылды.

Қазақстанмен матч Астанада өтеді

Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойындар аясында Словакия 13 қарашада Фарер аралдарымен кездеседі.

Ал 16 қарашада словак футболшылары Астанада Қазақстан құрамасына қарсы ойнайды. Матч "Астана Арена" стадионында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Словакия арасындағы алғашқы кездесу Кошице қаласында өткен. Сол матчта Словакия құрамасы Қазақстанды 2:1 есебімен жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?