Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

FIFA сайлауы: УЕФА португалиялық футбол аңызына үміт артып отыр

Португалия футболының аңызы Луиш Фигу Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті сайлауында Джанни Инфантиноға бәсекелес атануы ықтимал. 

FIFA сайлауы: УЕФА португалиялық футбол аңызына үміт артып отыр
instagram/@luis__figo

УЕФА Фигумен келіссөз жүргізіп жатыр

Foot Mercato мәліметінше, FIFA басшылығына үміткерлерден өтінім қабылдау мерзімінің аяқталуына екі тәулік қалған тұста УЕФА Луиш Фигумен келіссөзді жеделдеткен.

Басылым бұл келіссөздер Венгрия футбол федерациясының президенті Шандор Чаньи мен FIFA-ның футболды жаһандық дамыту жөніндегі директоры Арсен Венгер ынтымақтастықты жалғастырудан бас тартқаннан кейін басталғанын жазады.

Әзірге Фигудың сайлауға қатысуға ресми өтінім бергені туралы мәлімет жоқ.

Фигу FIFA басшылығына таласқан

2000 жылғы "Алтын доп" иегері FIFA президенттігіне бұған дейін де кандидатурасын ұсынған. Бірақ кейін сайлау додасынан шығып қалған.

Дереккөздің жазуынша, Фигу Джанни Инфантиноның қызметіне қатысты сын пікірін ашық білдіріп келеді. Оның қазіргі FIFA басшысын қатаң сынаған хатқа қол қоюы да УЕФА-ның назарын аударған.

Қазіргі президент Джанни Инфантиноға қоса тағы екі тұлға сайлауға қатысу үшін ресми өтінім жолдаған:

  • Рамон Вега — Швейцария құрамасының бұрынғы футболшысы;
  • Кодзо Тасима — Жапония футбол қауымдастығының құрметті президенті.

Фигу кандидатурасын ресми тіркетсе, FIFA басшылығы үшін бәсекеге тағы бір танымал тұлға қосылмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?