Әлем чемпионы Мануэль Нойер мансабын аяқтауға жақын
"Бавария" қақпашысы Мануэль Нойер кәсіби футболдағы мансабын қашан аяқтауы мүмкін екенін айтты.
40 жастағы қақпашы осы маусымнан кейін алаңға шықпауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл туралы Sky Sport журналисі Флориан Плеттенберг футболшының жанкүйерлермен кездесуінде айтқан сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
"Осы жаздан кейін ойнамайтын шығармын деп ойлаймын. Қазір мансабымның қалған уақытынан барынша ләззат алуға тырысып жүрмін", – деді Нойер.
Мануэль Нойердің "Бавариямен" келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталады. Қарашаның басында қақпашы табанындағы сіңірінен жарақат алып, кем дегенде бір жарым айға қатардан шыққан болатын.
Германия сапында чемпион атанған
Мануэль Нойер – 2014 жылғы әлем чемпионы және "Бавария" сапында Германияның 13 дүркін чемпионы атанған футболшы. Ол Германия ұлттық құрамасы сапында 128 матч өткізген. 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін қақпашы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді.