
Қазақстандық Премьер-Лиганың жаңа маусымында "Қайсар" клубының құрамы мен бюджеті жарияланды.
Қызылорданың “Қайсары” биылғы маусымда Қазақстан чемпионаты мен Кубогында тек қазақстандық ойыншылармен өнер көрсететін жалғыз клуб атанып отыр. Команданың 23 ойыншысынан тұратын негізгі құрамына 11 жергілікті тәрбиеленуші енді. Сонымен қатар қосалқы құрамынан төрт футболшы негізгі командамен жаттығуда және қажетті жағдайда алаңға шығуға дайын.
Қақпашылар:
Нұрымжан Салайдин
Нұрмат Сарсенов
Александр Мокин
Қорғаушылар:
Қуаныш Қалмұратов
Абылайхан Төлегенов
Жалғас Жақсылықов
Темірлан Мырзагалиев
Әділет Кеңесбек
Никита Губарев
Роман Божко
Жартылай қорғаушылар:
Думан Нарзілдаев
Маһан Өркен
Бекзат Құрманбекұлы
Мағжан Бауыржан
Саят Бақтыбай
Нұрдәулет Әмірбек
Дидар Жолмұқан
Айбол Әбікен
Шабуылшылар:
Ерсұлтан Төрекұл
Нұрдәулет Ағзамбаев
Елжас Алтынбеков
Айбар Жақсылықов
Марлен Айманов
“Қайсар” футбол клубының баспасөз хатшысы Ерасыл Шәрібек мәлімдегендей, командаға 1 миллиард 200 миллион теңге көлемінде жылдық бюджет бөлінген.
Команданың басты мақсаты — Қазақстан Премьер-Лигасындағы орнын сақтап қалу.