
Литваның "Жальгирис" ФК бас бапкері қазақстандық Владимир Чебурин ел Суперкубогының иегері атанды.
Трофей үшін өткен ойында "Жальгирис" "Банга" клубын жеңді. Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды, ал пенальти сериясында "Жальгирис" ойыншылары 4:3 есебімен басым түсті. Осылайша Вильнюстік клуб Суперкубокты тоғызыншы рет жеңіп, ұлттық рекордты жаңартты.
Қазақстандық маман Владимир Чебурин 2016 жылдан бері Литвада үздіксіз жұмыс істеп келеді. Ол бастапқыда "Судува", кейін "Жальгирис" клубтарын басқарды. Осы кезеңде:
Бұл жетістіктер Чебуринді Қазақстаннан шыққан ең табысты еуропалық бапкер ретінде танытады.