Ресми: Асхат Тағыберген бұрынғы клубына оралды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Қостанайдың "Тобыл" клубына қайта оралды.

Ресми: Асхат Тағыберген бұрынғы клубына оралды
meta-ratings.kz

Жартылай қорғаушының соңғы клубы шымкенттік “Ордабасы” болатын. Енді тәжірибелі футболшы бұрын да өнер көрсеткен “Тобыл” сапына үшінші рет қосылып отыр.

“Тобылдың” бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев бұл трансферге байланысты өз пікірін білдірді:

“Асхатты таныстырудың қажеті жоқ. Ол – Қазақстан құрамасының көшбасшысы әрі нағыз кәсіби футболшы. Оның тәжірибесі мен шеберлігі командаға жаңа жетістіктерге жетуге көмектеседі деп сенеміз. Ол “Тобылдың” намысын бұған дейін де қорғаған, жеңіске деген рухты жақсы біледі”, – деді бапкер.

Нұрбол Жұмасқалиев. ФОТО: offside.kz
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 9
👎 2
😂 2
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір