Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан хоккейінің аңызы ҚХЛ клубынан кетеді

Редактор Penalty.kz
15.04.2025, 09:30

Евгений Корешков – Қазақстан хоккейінің тарихындағы ерекше есімдердің бірі. Белгілі маман СКА клубындағы бапкерлік қызметімен қош айтыспақ.

sport24.ru
sport24.ru

"Спорт-Экспресс" деректеріне сүйенсек, қазақстандық бапкер Евгений Корешков Санкт-Петербургтің СКА клубының жаттықтырушылар штабынан кетеді. Ол 2022 жылдан бері Роман Ротенбергтің көмекшісі ретінде жұмыс істеп келді.

Биылғы маусымда СКА Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Батыс конференциясында жетінші орынды місе тұтып, Гагарин кубогының алғашқы кезеңінде-ақ жарыстан шығып қалды. Клуб 15 жылдан бері алғаш рет осындай ерте нәтиже көрсетіп отыр — шешуші серияда олар Мәскеудің "Динамосынан" 2:4 есебімен жеңілді.

Евгений Корешков — аты аңызға айналған Корешковтар әулетінің ең кенжесі. Ол — Қазақстан тарихында үш рет "жыл хоккейшісі" атанған жалғыз ойыншы. Бұл — елдегі ешбір хоккейші қайталамаған жетістік.

2015 жылдан бастап Корешков "Барыс" клубында және Қазақстан құрамасында жаттықтырушы ретінде жұмыс істеді.

Ал 2017 жылы жазда "Барыстың" бас бапкері болып тағайындалды. Бұл қызметте көп тұрақтамай, 2018 жылдың 1 қаңтарында отставкаға кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір