Қазақстан Словенияны 9:1 есебімен тас-талқан етті

Сарапшы, спорт журналисі

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарысты ірі жеңіспен аяқтады. Дамфрис (Ұлыбритания) қаласында өткен турнирдің соңғы турында отандастарымыз Словенияны ойсырата ұтты.

Қазақстан Словенияны 9:1 есебімен тас-талқан етті
icehockey.kz

Қазақстан құрамасы турнирдің бесінші турында Словениямен кездесіп, нағыз шабуыл шоуын көрсетті.
Жеңіске үлес қосқан ойыншылар:

  • Дәрия Молдабай — дубль (26 және 37 минуттар)
  • Екатерина Куценко — дубль (13 және 60 минуттар)
  • Анна Пяткова — (34 мин, көпшілік кезінде)
  • Пернеш Әшімова — (36 мин)
  • Александра Воронова — (38 мин, көпшілік кезінде)
  • Анастасия Оразбаева — (45 мин)
  • Татьяна Королева — (59 мин, көпшілік кезінде)

Словения сапынан Сара Конфиденти 47-минутта азшылық құрамда жалғыз шайба соқты.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 2 жеңіс және 3 жеңіліспен аяқтады.

Қазір команда 6 ұпай жинап, 4-орында тұр. Бірақ Оңтүстік Корея мен Латвия арасындағы матч нәтижесіне байланысты 5-орынға төмендеуі де мүмкін.

Ал словениялықтар барлық 5 ойында жеңіліп, турнир кестесінде соңғы орын алып, төменгі дивизионға түсіп қалды.

Қазақстан келесі жылы да IB дивизионында өнер көрсетеді. Италия құрамасы турнир жеңімпазы атанып, жоғары дивизионға жолдама алды.