Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Шестаков есеп ашты, швейцариялықтар жапты: Қазақстанды элитадан шығарған ойын (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
20.05.2025, 17:51

Хоккейден Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы соңғы матч ел үмітін ақтамады. 

Шешуші ойын: Қазақстан — Швейцария

Олег Болякиннің шәкірттері B тобындағы соңғы матчта Швейцарияға қарсы шықты. Ойын барысы тартысты өтті. Бірақ сәттілік Швейцария жағында болды.

Аркадий Шестаков 16-минутта есеп ашып, жанкүйерлер үмітін оятты. Бірақ екінші кезеңнің соңында швейцариялықтар басымдықты пайдаланып, Кевин Фиала 40-минутта есепті теңестірді.

Шешуші үшінші кезеңде Свен Андригетто (48') тағы бір басымдықты нәтижеге айналдырып, Швейцарияны алға шығарды. Матчтың соңғы минуттарында Андреас Амбюль (58') мен Дамьен Риат (59') қорытынды нүктені қойып, есепті 4:1-ге жеткізді.

Элита қош бол! Қазақстан турнирді соңғы орынмен аяқтады

Турнир барысында Қазақстан небәрі 3 ұпай жинап, соңғы орынға тұрақтады. Бұл нәтиже ел құрамасының элиталық дивизионмен қош айтысуына себеп болды.

Қазақстан элитада неше жыл өнер көрсетті?

Қазақстан құрамасы 2019 жылы Астанада өткен бірінші дивизион чемпионатында жеңіске жетіп, элитаға қайта оралған. Содан бері ел құрамасы қатарынан бес біріншілікке (2021, 2022, 2023, 2024, 2025) қатысты. 2020 жылы турнир COVID-19 пандемиясына байланысты өткізілмеді.

Осы кезең — Қазақстан хоккейі тарихындағы ең ұзақ элитадағы сапар. Бұған дейінгі рекорд — 2004, 2005 және 2006 жылдардағы үш жылдық қатысу болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір