ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстан велошабандоздары халықаралық жарыста үш "алтын" жеңіп алды

Өзбекстанның Наманган қаласында өткен Silk Way Namangan халықаралық турнирінде трек велоспортынан ұлттық құрама жарқын жеңіске жетті. Отандастарымыз барлығы бес медаль иеленіп, үш мәрте тұғырдың ең биігіне көтерілді.

Қазақстан велошабандоздары халықаралық жарыста үш "алтын" жеңіп алды
olympic.kz

Топтық жарыста Әлішер Жұмақан үздік нәтиже көрсетті. Бұл сында оның командаласы Владислав Скибин екінші орын алып, күміс жүлдені қоржынға салды.

Командалық спринтте Қазақстан құрамасы қарсыластарын шаң қаптырып, алтын жүлдеге ие болды. Жеңімпаздар құрамында:

  • Кирилл Курдиди
  • Данияр Шаяхметов
  • Мұхтар Рамазан бар.

Ал дәл осы жарыста Дмитрий Резанов, Андрей Чугай және Виктор Голов үштігі қола медаль жеңіп алды.

Құрама жарыста қарсыластарын басып озған төрттік те жоғары нәтиже көрсетті. Бұл жолы:

  • Әлішер Жұмақан,
  • Дмитрий Носков,
  • Максим Хорошавин,
  • Илья Карабутов

алғашқы орыннан көрініп, алтын медальға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.