ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Диас Ахметшәріптің жағдайы белгілі болды

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, қазақстандық танымал журналист Диас Ахметшәріп дәрігерлердің бақылауында. 

Диас Ахметшәріптің жағдайы белгілі болды
orda.kz

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір журналист ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

"Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Басқа ақпарат науқастың туыстарының рұқсатынсыз жарияланбайды", – делінген хабарламада.

Диас Ахметшәріп инсульт алып, жансақтау бөліміне түскен.

Ол мемлекеттік Qazsport телеарнасының алғашқы директоры болды, сондай-ақ "Insport" телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Кейінгі жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.